Жауын – жер көгертеді…

Соңғы аптада Тобыл өңірінде жаңбыр толастар емес. Бұл ала жаздай бір тамбай қойған жауынның өтеуі сияқты. "Қазіргі жауын-шашынның биылғы егіске септігі тиер ме екен? Биылғы егіннің жайы қандай?" – деген сауалдарымызға "Қарқын" ЖШС басшысы Сайран Бұқановтан жауап алған едік.
сайран
– Егіннің қазіргі жағдайын жаман деп айта алмаймын. Маусым айы құрғақ әрі  ыстық болды. Осы жолы біздің аймағымызға 15 мм ылғал түсті. Ол топыраққа 7-8 см сіңуі тиіс. Егіс алқабын аралап шықтық. Әр жерде әр қалай сіңген. Жалпы былтырғымен салыстырғанда егін биыл жаман болмайды. Керемет көп астық аламыз деп те айта алмаймыз. Әр гектардан 15 центнерден алармыз деген болжам бар.  Жаңбыр бұдан ертерек жауғанда тіптен жақсы болатын еді. Десе де, қазіргімізге де қанағат. Ал майлы дақылдар былтырғымен салыс-тырғанда жақсы. Күнбағыс та, рапс та жақсы өнім бергелі тұр. Зығыр шамалырақ. Соңғы жауын зығырдың көтеріліп кетуіне көп көмегін берді. Ал, осы күннің салқындығы шөп науқанын тоқтатып тастады. Биыл шөп баршылық. Уақытылы іске кірісіп, халыққа шөпті тасып жатырмыз. Шөптің тоннасы 10 мың теңге, өзіміздің жұмысшыларға 8 мың теңге. Өткен жылы да осы баға   болған. Осы ақыға үйіне апарып түсіріп береміз. Егін еккен шаруаға қиындық бар. Жанар-жағармай бағасы шарықтауда. Техниканың өзі 20 пайыз-ға қымбаттады. Арам шөпті улайтын дәрі-дәрмектің де бағасы өсті. Десек те, мемлекеттен берілетін субсидия көбейтіліп, жыртығымызды жа мау мүмкін болуда. Әр жылдың берер нәсібі әр түрлі. Ал біздер қандай жағдай болса да егін егіп, өнім алуымыз керек. Егер биылғы жылы  бидайдың бағасы жақсы болса еңбектің жанғаны – дейді ол.
 
Айтолқын Айқадамова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓