«Әділет кеңес береді» акциясы өтті

Бүгін «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында «Әділет кеңес береді» республикалық акция болып өтті. Шараның мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсету. Акция кезінде оған сот орындаушылары, облыстық әділет департаментінің өкілдері, нотариус және адвокат қатысты. Бүгін жеті адам кеңес алды. Кеңес сұрап келгендердің мәселелері әртүрлі. Мәселен, алимент өндіру сұрағы, тұрғын үйді жекешелендіру, патентті жабу, интеллектуалды құқықты қорғау мәселелері бойынша көмек көмек сұрап келіпті.  
111Елена Маликова бұрын әскери қызметші болып жұмыс істеген. Ол өзі тұрып жатқан тұрғын үйді жекешелендіру мәселесімен келіпті.
-Әскери қалашық шағын ауданында тұрамын. Маған 1996 жылы әскери бөлімнен ордер бойынша пәтер берді. Жақында баспананың құжаттарын қайта ресімдеу кезінде менің бұл үйдің қожайыны емес екенімді білдім. Жылжымайтын мүлік менің атыма тіркелмеген екен. Кеше жылуға қордаланған қарызы бойынша сот отырысы өтті. Бізге осы пәтерде көктемге дейін ғана тұру туралы сот шешімі шықты. Енді бұл пәтер әкімдіктің балансында. Осы мәселені шешуге көмектесеңіздер екен, – деді Елена Маликова.
Қорғаушы Лилия Чаусова жылуға қарызын төлеуге кеңес берді. «Шешіммен келіспей шағым келтіру үшін алдымен сіз коммуналдық қарызыңызды өтеуіңіз керек. Барлық құжаттарыңызды әкеліңіз, көмектесуге тырысамыз», – деді Лилия Чаусова.
Айта кету керек, келген тұрғындардың көбі жылжымайтын мүлікті заңдастыру мәселесімен келіпті. Осы күні көмек сұрап келген барлық тұрғындарға құқықтық көмек беріліп, ешкім де елеусіз қалмады.
 
Шұға Қоңқабай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓