Волейболдан облыс біріншілігі өтті

Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз қоғам құру, олардың ортаға бейімделуіне жан-жақты жағдай жасау – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев міндеттеп отырған ең негізгі мақсаттың бірі. Мемлекет жүргізіп отырған табысты саясаттың жемісі деуге болар, соңғы жылдары «қоғамның қорғансыз тобы» деген қасаң ұғым біртіндеп сейіліп, олар шексіз мүмкіндік иелеріне айналды.DSC_0110
Рудныйда волейболды отырып ойнаудан өткен облыс біріншілігі сөзіме дәлел. Осымен 4-ші рет ұйымдастырылған дәстүрлі шараға Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаков қалалары мен Қостанай ауданының ерікті мүгедектер қоғамыны қатысты.
– Биылғы жарыс – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қостанай облысының 80 жылдығына арналып отыр. Басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыру арқылы отырып ойнау волейболын халық арасында кеңінен насихаттау және оларды жан-жақты ынталандыру. Бүгінгі турнирге 13 команда қатысу керек болатын. Бірақ та түрлі себептермен Астана, Қарабалық, Арқалық пен Жангелдінің құрамалары келе алмады, – дейді рудныйлық ерікті мүгедектер қоғамының жетекшісі Санаш Есжанов.DSC_0115
Волейболды отырып ойнау өте қиын, ол үшін мұқалмас жігер мен қажымас қайрат керек. Бұл спорт түрі соңғы жылдары біздің де елде жақсы дамып, жолға қойылып келеді. Ойынның арнайы бекітілген ережелері бар. Яғни қарсыластың добын қолмен, аяқпен, баспен, кеудемен немесе иықпен қайтаруға болады. Бастысы орныңнан тұрып кетпеу.
Екі күнге созылған додада тәжірибелі волейболшылардан құралған «Рудный-1» командасы жеңіске жетті. DSC_0156Екінші орында кеншілер қаласының намысын қорғаған «Рудный-2» құрамасының еншісінде. Үшінші орынға Жітіқаралық жігіттер жайғасты. Барлық командалар мүгедектер қоғамы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тағайындаған алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.DSC_0169
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓