Қыздар арасындағы шағын футбол
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де қыздар арасында шағын футболдан жарыс өтті.
Тар алаңдағы теңбіл доп турнирі «Сұңқар» спорт клубында ұйымдастырылды. Ойын өте қызықты және тартысты, жоғары деңгейде өткізілді. Жанкүйерлер өз командаларын қолдап, дем беріп отырды. Жарыс қорытындысы бойынша, қыздар арасындағы шағын футболдан бірінші орынды ветеринария және мал шаруашылығы факультеті командасы жеңіп алды.
Сондай-ақ, үздік ойын өрнегін көрсетіп, көзге түскен футболшыларды да мараппаттатды. Жекелеген номинацияда "Үздік шабуылшы" болып Аманжолова Рауза атанды. "Үздік қорғаушы" – Алиева Алтыным. "Үздік қақпашы" – Камешова Сауле. Бәсекенің басты қаһарманы "Үздік сұрмерген" болып Уразбекова Мадина танылды.