Жасыл шырша жанында

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп жанындағы интернат үйінде “Төрлет, төрлет, жаңа жыл” атты мерекелік кеш өтті. Интернат тәрбиеленушілері жасыл шыршаны айнала, қызықты думанның көрігін қыздыруға өздерінің түрлі-түсті әдемі киімдерін киіп, жаңа жылды қарсы алды.IMG_5180
Көп ұзамай тұс-тұстан андыздаған ертегі әлемінің кейіпкерлері жаңажылдық думанды бастап та жіберді. Бүлдіршіндер би билеп, әуелетіп ән салды.
Мерекелік іс-шараға қатысқан мектеп директоры Ботабай Шаймов және интернат меңгерушісі Айдын Ералин оқушыларға жаңажылдық құттықтауларын арнады. Балалар бар өнерлерін ортаға салып, Аяз ата мен Қарша қыздың мерекелік сыйлықтарына қол жеткізді. 
 
                                                   Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
                                                        Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓