Тексеруден бірқатар кемшіліктер анықталды
Әулиекөл ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқығын, олардың денсаулығын қорғау бағыты бойынша аудандық білім бөлімінің мекемелеріне тексеру жүргізіп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптың сақталмағанын анықтады.

Новонежин ауылының «Балдәурен» балабақшасында кетік ыдыстар қолданыста болған. Сонымен қатар, №121 Құшмұрын, Новоселов, Новонежин, Соснов, Калинин, Лаврентьев негізгі мектептерінде тазалық құралдарының сақталуы мен маркалануы өрескел бұзылған.
Құшмұрындағы «Ромашка» балабақшасында көрпе-жастықтың таңбаланбауынан және төсек-орындарының арақашықтығының бұзылуы салдарынан балалар арасында педикуллез ауруының таралуы орын алған. Осыған байланысты, Әулиекөл ауданы прокуратурасы аудандық білім бөлімінің атына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсынысхат енгізілді. Прокурорлық ықпал ету актілерімен 12 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Шұға Қоңқабай