5 жыл түрмеде жазасын өтейтін болды

Қостанай қаласында жол апатының себепшісі болып, 13 жасар баланың өмірін қиған Вячеслав Девинді №2 қалалық сот кінәлі деп тапты. Бұл жайлы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.девин
Естеріңізде болса, 25 шілдеде кешкі сағат 21.40 кездерінде Девин «Audi C4» маркалы автокөлікті мас күйінде басқарып келе жатып, қайғылы апатқа жол берді. Маяковский көшесі бойымен қозғалыс жылдамдығын 103 км\сағатқа дейін апарған. Салдарынан рөлге ие бола алмай қалып, тротуар бойымен кетіп бара жатқан 13 жасар ұл баланы басып кеткен болатын. Жеткіншек оқиға орнында тіл тартпай кетті.девин1
Сот үкімі бойынша, Вячеслав Девин 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның сыртында, көлік жүргізуге қатысы бар қызмет істеу құқығы 3 жылға тоқтатылды. Жазасын жалпы режімдегі түзету мекемесінде өтейді.сот
Сондай-ақ сот жапа шегуші тараптың арызына сүйене келіп, Девиннен 1,5 млн.теңге өндіріп беруді шешті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓