Екі күн ішінде 54 мас жүргізуші ұсталған
Өңір полицейлері “Мас жүргізуші” операциясы кезінде жол-көлік қозғалысына қатысты 722 заңбұзушылықты анықтаған. Облыстық ІІД-ның жергілікті полиция қызметінің басшысы Н.Смағұловтың айтуынша, оның ішінде дені жылдамдықты асыра пайдалану, белдікті тақпау, қалта телефонын қолдану сияқты заңбұзушылықтарға жол бергендер. Сондай-ақ, екі күн ішінде мас күйінде көлік жүргізген 54 адам ұсталған.