Қазақстандық қос ғашық Челябіде қаза тапты

Кезекті су құрбандары Челябі облысындағы өзенде ажал құшты. Бұл туралы Челябі облысының ТЖМ хабарлайды. 0_88ccb_59aef62f_xl Көршілес елге қыдырып барған Қазақстан азаматтары Челябі суқоймасында қаза тапты. Кеше құтқарушылар өзеннен марқұмдардың денесін алып шыққан. Олар 1996 жылы дүниеге келген әйел адам мен 1993 туған ер адамның мәйіті. Өткен сенбіде екеуі Батыс Соснов ауданындағы Шершнев су қоймасында үрлемелі матрастармен өзенге түскен. Жағадан алыстап кеткен екеуінен туыстары көз жазып қалған деседі. Бірер минуттан соң иесіз матрас өзен бетіне қалқып шығады. Алғашқы іздеу жұмыстары еш нәтижесіз болған. Ажал құшқан жұпты кеше ғана іздеп тауыпты. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓