Демалыс базасы өртенді

Бүгін ағаштан салынған екі қабатты "Орманшы үйшігі" ғимараты отқа оранды. Бұл база бұрын "Афродита" атауымен жұртқа таныс еді.
Қостанайлық тұрғынөртеніп жатқан нысанды видеоға және фотоға түсіріп алған. Бейнежазба авторының мәліметінше, демалыс базасы Сарыкөл тас жолының 8-шақырымында орналасқан.
Қостанай облысының ТЖД ақпараты бойынша, өрт жергілікті уақытпен 14:01-де басталған. Қызыл жалын екі қабатты ғимараттың тұтас аумағын қамтыған (800 шаршы метр). Тілсіз жау сағат 16:05-те ауыздықталды. Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ.
Өрт сөндіруге ТЖД-нің 23 қызметкері, 6 техника және орман шаруашылығының техникасы жұмылдырылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓