Жемқорлық іс бойынша үкім жарияланды
Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегеніндей, 2014 жылғы 14 шілдеде Қарабалық аудандық соты аға сот орындаушысы – аумақтық бөлім басшысы азамат Сералинге қатысты үкімді жариялады.
Сот азамат Сералинді ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 311-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасауда кінәлі деп танып, 3 жылға дейінгі мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырып, мүлкін тәркілеп, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Қарлығаш Оспанова