“Нашақорлыққа жол бермейміз!”

Арқалықта осындай атаумен 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай белтемірге  (турник) тартылудан жарыс өткізілді.DSCF5814
 Оған қаланың спортты насихаттап жүрген жастары мен көшеде, аулаларда, спорттық алаңқайларда өз беттерінше жаттығып жүрген жеткіншектер қатысты.
 – Жастардың түрлі жаман әдеттерден аулақ болуы үшін мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасының шеңберінде осындай спорттық фестиваль ұйымдастырып жатырмыз. Жарысқа жас ерекшеліктері бойынша 16-27 жас аралығындағы жастар тартылған. Спортшылар екі топқа бөлініп бақтарын сынауда,- дейді қалалық "Жастар ресурстық орталығының" директоры Дархан Кикимов.
 "Ең үздік белтемірге тартылушы", "Ең үздік бөренеге тартылушы" аталымдары бар қос сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар белгіленіп, жарыс жеңімпаздары орталық тағайындаған мадақтамалар, спорттық жейделер мен бас киімдерге ие болды. 
 
Мұрат Жүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓