Студенттер шетелдік маманмен кездесті
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Францияның Периньян қаласындағы «ViaDomitia» университетінен келген фрнацуз тілін меңгеру орталығының жетекшісі Винсент Глезбен кездесу өтті. Кездесуге «Аударма ісі» және «Шетел филологиясы» мамандығының студенттері мен француз тілінің оқытушылары қатысты. В.Глез кездесу барысында Перпиньян аймағы , француз тілінің бағдарламасы және университет алдындағы қызметі туралы айтып берді. Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Мысалы, университетке түсу шарттары, студенттің бос уақыты, тұрғын үй бағасы және грантқа түсу туралы сұрақтарына жауап алды. Кездесуден кейін студерттерге жарнамалық брошюралар таратылды. В.Глез өзінің кездесуінде біздің студенттердың француз тілін игеру деңгейін өте жоғары бағалады.