Аманкелділік жас өрен

Бүгіндері жастардың ауылға барып еңбек етуі некен-саяқ. Ауылдан түлеп ұшқан түлектердің көбісі қаланың жайлы тұрмысы мен қызығына бой үйретіп, туған жерге қайтпайтыны талай айтылып жүр. Бұл аға буын арасындағы пікір деп білеміз. Өйткені, осы тұста көпке үлгі болар, өз ауылының патриоттары туралы айтсам ба деймін.JXOjvDqsQdI
Ауыл мектебінен алған білімін қалада толықтырып, өскен жеріне келіп жемісін көрсеткен жастар жетерлік. Солардың бірі – Дархан Бөгетбаев. Ол 2011 жылы Аманкелді ауданындағы Аманкелді орта мектебін Алтын медальмен тәмамдап, Астана қаласындағы Қазақ Гуманитарлық Заң Университетіне түскен-ді. Жерлесіміз Жоғарғы оқу орнын қызыл дипломмен аяқтап, іле туған ауылына қайта оралды. Елордадағы білімін ошағын үздік бітірген Дархан сол жақта бірталай ұсыныстар да болғанын жасырмайды. Алайда, ауылға аңсары ауып, туған жерге қызмет етуді мақсат тұтады. Қазір ол қадамына өкінген емес. Аманкелді ауданы әкім аппаратының Заң бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді. Тағы бір мақтанар тұсы – облыстық «Үздік мемлекеттік қызметкер-2016» байқауының жеңімпазы. Отызға жуық үміткердің арасынан суырылып шыққан аманкелділік жас өрен өзінің білімімен ешкімге дес берген жоқ. Жас маман өзінің жұмысынан бөлек, ауданның бірқатар іс-шараларына белсене атсалысып-ақ жүр. Өнерімен де өнегелі.
Осындай азаматтардың саны арта берсе екен дейміз. Туған жерден түлеп ұшқан жас ұрпақ өз еліне жаны ашып, адал қызмет істері анық.
 
Асылжан Аманжолов.
Аманкелді ауданы, Ы.Алтынсарин орта мектебінің мұғалімі.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓