Құрылыс қарқынды дамып келеді

Бүгіндері Қостанай қаласы мен облыс көлеміндегі барлық елді мекендерде қытымыр қысқа әзірлік басталып-ақ кеткен. Мәселен, жерасты тартылған жылу мен су құбырларын барынша тезірек орнатып, дайындықты бір пысықтап алу – негізгі міндет. Осындай мақсатпен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы іссапармен Лисаков қаласына барды. Мұнда Лисаковтай шырайлы шаһармен іргелес жатқан Октябрьский ауылы бар.tg-TcUcnfuUАйтулы ауылда биыл су тарту желілерін қайта құру жұмыстары қарқынды жүруде. Қала әкімшілігінің тапсырмасымен ұзындығы 18,4 шақырым құрайтын құбырды жөндеу керек. Бұл міндет қарағандылық «Фирма «Энергия» ЖШС-не жүктелген болатын. Серіктестік басшысы Алмас Сұлтанов жыл аяғына дейін тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Игілікті жоба «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында қолға алынған. Октябрьский ауылындағы қайта құру жұмыстарына мемлекеттік бағдарламадан 751,8 млн.теңге бөлінген. Осы ауылға ауызсудан бөлек, газ құбырларын тарту мәселесі қарастырылыпты. Ауылды толығымен табиғи газға ауыстыру жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын. Әзірше жартысына жуығы еңсерілді.HbM8SrQ9Ml8Өңірде қарқынды дамып келе жатқан кәсіпкерліктің бір түрі – ангар жасау. Лисаков қаласында орналасқан «СпецСтальКонструкии» ЖШС-нің бүгінгі аяқ алысы айтарлықтай. Олар ауыл шаруашылығына, өндіріс ошақтарына, спорттық нысандар мен әуежайаларда ұшақтар мен тікұшақтарға ыңғайлы етіп ангарлар жасайды. Серіктестіктің тауары Қостанай облысынан бөлек, Республика көлемінде сұранысқа ие. Өнеркәсіп басшысы Алексей Аман мен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов екі тарап бірігіп, келешекте үлкен футболға арналған жабық спорттық манеж құрастыру керек екенін айтты. Алдымен, Қостанай қаласында салынса, қалған қалалардан да тапсырыс түседі. mEctfyfwBzE NDkuDOClG7E
Қалада белең ала бастаған құрылыс нысандары жетерлік. Мысалы, биыл тұрғындардың игілігіне берілген спорт алаңқайы лисаковтықтардың көңілінен шыққан. Су жаңа жаттығу құралдары қатар тізіліп тұр. Шағын футбол алаңы да сайлы. Осының бәрі Қостанай облыстық әкімшілігі мен ERG компаниясының арасындағы меморандум аясында жүзеге асуда.KFkni3twdbgСондай-ақ, аймақ басшысы Лисаков қаласындағы жаңадан бой көтерген қос бірдей балабақшаны тамашалады. Соның бірі «Балақай» атты бақшаны жастайынан ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеген Любовь Захарова ашып отыр. Шетелде қызмет істейтін ұлының демеушілігімен аңсаған арманына қол жеткізгенін айтады ол. Заман талабына сай тұрғызылған ғимараттың іші-сырты көз тартады. 200-ге жуық балақайға арналған бұл балабақша бүлдіршіндерді ерте жастан-ақ қабылдай береді. Балаларды қабылдау жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Зейнеттегі қарт ұстаздың мұндай батыл қадамына ризашылығын білдірген А.Мұхамбетов қандай да бір көмек керек болса, қол ұшын созуға дайын екенін жеткізді.NbWTaoZq-Vk
Облыс әкімі сәбилерге арналған екінші бір нысан – «Нұрлы жол» балабақшасының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысып, тұсауын кесті. Мұнда да бар жағдай жасалған. Жергілікті жас мамандармен қатары толығып, тұтас бір қалаға қуаныш сыйлап-ақ тұр.  
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓