“Тобыл” Талдықорғанда тізе бүкті
Футболдан ел біріншілігінің екінші айналымы өз бастауын алды. Қостанайлық "Тобыл" сырт алаңда талдықорғандық "Жетісу" командасына қарсы ойнаған болатын. Жанкүйерлер қанша рет сенім артса да, қостанайлық ұжым әлі күнге дейін бір мардымды ойын көрсетер емес.
Біздікілер бұл жолы да есе жіберді. Бегларян мен Касьянов Петухов қорғаған қақпаның саңылауын таба білді. Жауапсыз екі гол соққан талдықорғандық команда турнирлік кесетеде "Тобылды" қуып жетті. Келесі ойын Орталық стадионда кеншілерге қарсы өтпек. Яғни, 26-шы тамыз күні Қостанайға "Шахтер" командасы келеді. Көштің соңына түспес үшін, Тетрадзе жігіттері осы ойында барын салса дейміз.