Антитеррорлық оқу-жаттығулар өтті
Бүгін Қостанай облысы аймақтарында ҚР ҰҚК-нің облыстық Антитеррорлық штабы антитеррорлық оқу-жаттығулар өткізді. Айта кетейік, Қостанай облысында террорлық қауіптің "сарғылт" деңгейі енгізілді.
Бұл жаттығулар терроризмге қарсы күресті күшейту, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, әр саладағы ұйымдардың өзара байланысын арттыру мақсатында жүргізіліп отыр.
Тағы назар аударарлығы, қалалардың кей аумағында жол қозғалысы тоқтатылған.