Ерлан Теменов – қала әкімінің орынбасары

Бүгін Қостанай қаласы әкімдігі аппарат мәжілісінде Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов тұрғын үй-комуналдық шаруашылық мәселелерімен айналысатын әкімнің орынбасары лауазымына тағайындалған Теменов Ерлан Олжабайұлын таныстырды.96533865c2ef30d710f1ba849bf11b62Е.О.Теменов 1971 жылы туған, білімі жоғары, Алматы зооветеринариялық институтын зооинженер мамандығы және Қазтұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылы мемлекеттік қызметке орналасып, 2010 жылға дейін Қостанай облысының Арқалық, Ұзынкөл, Қарабалық аудандарында, Арқалық қаласындағы, Ақмола облысының Ерейментау ауданының салық органдарында түрлі қызметтер атқарды. Бүгінгі күнге дейін Арқалық қаласы әкімінің экономика мәселелері бойынша орынбасары лауазымында жұмыс істеген.
 
 
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓