Дычко қарсыласымен көз арбасты

Кәсіпқой боксқа ауысқан 27 жастағы қазақстандық боксшы, жерлесіміз Иван Дычко қарсыласымен көз арбасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. дычкоБұған дейін хабарлағанымыздай, отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 29 қыркүйекте АҚШ-тың Даллас қаласында 34 жастағы америкалық Эйбур Райтқа(2-1, 1КО) қарсы өткізеді.
«Ертең біз сапарымызды бастаймыз. Иван Дычконың дебюттық кездесуін кешкі сағат 9-да TV Bein Sports каналынан тамашалай аласыздар. Назар аударыңыздар, бұл жас жігіт бірнеше жылдан кейін ауыр салмақтың үздігі атанады», – деп жазды Дычконың командасы DSBoxing.
Айта кетейік, екі мәрте олимпиаданың қола медалін алғаннан кейін,  Дычко 2017 жылғы маусымда америкалық The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. Боксшыны бұл күнде Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері Дерек Сантос жаттықтырып жатыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓