Жоғалған бала табылды
Қостанай облысындағы Набережное кентінде жоғалып кеткен үш жасар Сергей Соколенко ата-анасымен қайта қауышты. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД-нің әулеуметтік парақшасында хабарланды. «Сергей Соколенко өзі тұратын елді мекеннен 10 шақырым жерде табылды. Оны полиция қызметкерлері байқаған. Баланы дәрігерлер тексерді, денсаулығы мен жағдайы қалыпты. Бала ата-анасына табыс етілді. Көмек көрсеткен барлық еріктілерге рахмет!» делінген хабарламада.
Бұдан бұрын белгілі болғандай, бала ағаларымен ойнау үшін ауладан шығып кетіп, содан белгісіз бағытта жоғалып кеткен.
Оны іздеуге полиция, ТЖ қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар көмектескен еді.