Айыппұлды төлемесең, шетелге шыға алмайсың
Қостанайда ОІІД өкілдері мен сот орындаушыларынан арнаулы топ құрылды.
Топ мүшелері борышкерлердің пәтерлеріне барып, уақытылы айыппұлды төлеу қажеттігін ескертуде. Жол жүрісі ережелерін бұзған 5 мыңдай адамның борышы 54 миллион теңгеден асқан. Борышкер қостанайлықтардың кейбіреуіне бірнеше орындау өндірісі қозғалған. Орындау өндірісі қозғалса, алдымен борышкерге хабарлама беріледі, егер болса автомобилі немесе мүлкіне тыйым салынады, сондай-ақ шетелге шығуға шектеу қойылады.