Аға буын өкілдері ардақталды

Аға ұрпақтың ұлағатты істерін ұлықтау мақсатында қолға алынған Сарыкөл ауданының «Еңбек Даңқы» кітабы эстафетасын табыстау рәсімі жалғасуда.
SONY DSC

SONY DSC

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қостанай облысының 80 жылдығына арналған шарапатты шара 9-тамыз күні Маяк ауылында өтті. Алдымен, қазақтың дәстүрі бойынша шашу шашылды. Сосын аудан әкімі Эльдар Күзенбаев құттықтады. Эльдар Қонысбайұлы өз сөзінде Маяк ауылының талай тарландарды түлеткендігіне тоқтала келе, кезінде ел үшін елеулі еңбек еткен, ал бүгінде есімдері «Еңбек Даңқы» кітабына енген бір топ ерен ерлерге мадақтамалар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыс етті. Яғни, адал әрі мінсіз еңбегі үшін және ауылдың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін марапатталғандардың қатарында тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері, механизаторлар және өз ісінің шеберлері болды. Айта кеткен жөн, өңір басшысы тыл еңбеккері, еңбек ардагері, совхозды көтеруге атсалысқан механизатор Бағытжан Бағасов ақсақалдың иығына шапан жапты.
SONY DSC

SONY DSC

Сондай-ақ, киелі сахна төріне ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сапарбек Қадырбаев көтеріліп, жерлестеріне жүрекжарды лебізін жеткізді. Өткенді ой-елегінен өткізіп, болашақты да сөз етті. Одан әрімен мінберге шыққан Маяк совхозының бұрынғы директоры Николай Стешин да тарихи сәттерді еске алып, жүрек тебірентер түйдек-түйдек сөздерін ортаға тастады. Бәрінен де халықпен жұмыс істеген күндерін теңдессіз бақытқа балады.
SONY DSC

SONY DSC

Шара соңында Маяк ауылдық округінің әкімі Серікбай Есенгелдинов пен ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сапарбек Қадырбаевтар Сарыкөл ауданының «Еңбек Даңқы» кітабын Краснознамен ауылдық округіне салтанатты түрде табыстады.
SONY DSC

SONY DSC

Айтпақшы, бұл күні өңір мен ауылдың өнерпаздары көрермендерге өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓