15 жыл бойы өзінің “кәсіпкер” екенін білмей келген

Алтынсарин ауданының тұрғыны Ф.Любимова үшін жақында күтпеген жағдай болды. Оған салық органынан кәсіпкер ретінде 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлемегендігі жөнінде хат келеді. Ол осы уақытқа дейін жеке кәсіпкер ретінде азық-түлік және темекі мен су өнімдерін сатумен айналысып келген-мыс.
к2с3пкерӨмірбойы жалдамалы жұмыс істеп, кәсіпкерлікпен айналыспақ түгілі айлығы шайлығына жетпей ғұмыр кешіп келе жатқан жанға бұл жағдай күтпеген “тосын сый” болды. Содан ештеңеге түсінбей амалы таусылған ол аудандық сотқа жүгінген.
Істі әділ әрі жан-жақты қарау үшін сот отырысына салық органының өкілі де шақырылған. Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың наурыз айында жаңа бағдарлама енгізіліп, осы бағдарламада арыз берушінің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігі анықталған, соған байланысты арыз берушіге хабарлама жолданған.
Аталған іс бойынша сот тараптардың түсініктемелерін жан-жақты тыңдап, барлық жағдайды зерделеп барып қана азаматша Любимованың жеке кәсіпкер ретінде салық органындағы мемлекеттік тіркеуін заңсыз деп тапты.
Үкім заңды күшіне енді.
 
Қарлығаш Оспанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓