Ел ертеңі – жас ұрпақ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ә.М. Досекенов жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мақсатында «Мерей» балалар сауықтыру лагерінің оқушыларымен кездесті.
Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді өмірлік ұстанымы, өмірдегі жағдайлар туралы сұхбаттасты. Сондай-ақ, Ә.М. Досекенов жастарды өз бойларында бар дарынды жетілдіруге, өзін-өзі басқаруға үйретуге, спортпен шұғылдануға шақырды.
– Жас ұрпақ – ел ертеңі. Оларға сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы жан-жақты түсіндіруге тырысып жатырмыз. Лагерь тәрбиеленушілері ұлттық дәстүрлерді санасына сіңіруі қажет. Ол үшін әдеби кітаптар, газет-журналдарды оқығаны абзал, – деді Ә.Досекенов
 
Диас Ахметжанов – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстық  департаментінің  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓