Трактор суға батып кетті…

       Федоров ауданының Тоғызақ өзеніне “МТЗ-80” тракторы батып кетті, ал оның 46 жасар жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
     су Аудандық төтенше жағдайлар бөліміне бұл оқиға туралы ақпарат 1 тамыз күні сағат 8:55 –  те келіп түскен. Құтқарушылардың күшімен суға батып кеткен жүргізушінің өлі денесі трактордың кабинасынан шығарылған. Марқұм Волковка ауылының тұрғыны екен, “Гранд” ЖШС-де механизатор болып жұмыс істеген. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші сол күні таркторға мас күйінде отырған көрінеді. Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың себебі анықталуда.
       Қарлығаш Оспанова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓