ЭКСПО жайлы не білеміз?
ЭКСПО халықаралық көрмесі – білімге, инновациялық шешімдермен алмасуға, прогресті алға жылжытуға және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған әлемдік көлемдегі іс-шара. Алғаш рет 1851 жылы Лондон қаласында өткен. Кезек біздің Тәуелсіз елімізге келді. ЭКСПО біздің мүмкіндіктеріміздің шекараларын кеңейтіп, орнықты даму мен халықаралық проблемалардың алдыңғы қатарлы шешімдерін табуға жаңа көкжиектерді ашады.
150 жылдан астам тарихы бар ЭКСПО көрмесінің ішінде көрмеге келішулер телефон және рентген аппараты, шолу шеңбері, сырғытпа, нейлон, балмұздақтың вафель стаканы, ұялы телефон мен сенсорлық экран сияқты өнертабыстардың пайда болуын көрді.
Дүниежүзілік көрменің иесі атанған қалалар болашаққа алшаң адым жасауға керемет мүмкіндік алады. Көрмелер қалалар мен өңірлерге орасан зор экономикалық әлеует әкеледі. Атап айтқанда, жаңа технологиялар, жабдықтар, көлік тасымалы және қызмет көрсету жүйелері, қала құрылысы мен сәулет өнері саласында серпіліске ие болады. Сондай-ақ, дүниежүзілік көрме болып аталғандықтан, ел тарихындағы елеулі естелік ретінде тарих бетіне қатталады.
ЭКСПО – көлемі, жаңашылдығы және келушілер саны бойынша әлемдегі бірегей оқиға. Бүгінгі таңда Халықаралық көрмелер бюросында 168 қатысушы мемлекет бар. Олардың барлығы осындай төрткүл дүниеге даңқын асыратын оқиғаны өз топырағында өткізуге ықтиярлы. Бірақ беделге бастайтын мұндай мұрат үшін айдай әлемді аядай мемлекетке қарата алар ұтымды идея мен жасампаз жоспар құрылуы шарт.