Партиялықтар Қарасу тұрғындарына көмектесті
«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының белсенділері облыс әкімінің тапсырмасымен Қарасу ауданының қызыл судан зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетті. Партиялықтар Қарамырза ауылына 4.5 мың тонна азық-түлік апарды.




Қарамырза өзеніне жақын орналасқан Набережный, Қазақ көшелерінің үйлері қар суының астында қалды. Мектеп пен балабақшаға орналасқан адамдарға үш мезгіл тамақ берілді. Балалар аш қалған жоқ,-деді Қарамырза ауылының әкімі Марина Ағайдарова.

-Облыс әкімінің тапсырмасымен ауыл тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге келдік. Партия белсенділері 4,5 мың тоннадан астам азық-түлік, гигиеналық заттар, балалар тағамдарын әкелді. Азық-түлік тауарлары көмекке мұқтаж жандарға таратылады,-деді «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов.

Қарамырза ауылының тұрғыны, көп балалы ана:
-Азық-түлікпен қамтып көмек беріп жатқан облыс әкіміне, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының ұжымына, аудандық білім бөліміне рахмет айтамын. Бірнеше күннің ішінде азық-түліктен таршылық көрген жоқпыз. Басшылық қызыл судан зардап шеккендерді ет, жеміс-жидекпен қамтыды.

Қымбат Досжанова.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.