АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗ
Қазақ – елпең еткенге еліктегіш, кеңпейіл де кішік халық. Ұлт этнопедагогикасының үлкен бір саласы – ырым-тыйымдар. Асылы, біздің қазақ ежелден ырымшыл халық деген сөз қалыптасқан. Ал мұның астарын ақтарып, байыбын бұлтарып жатқандар көп емес-ау?!
Бәрі есте: әжелеріміз көже құятын кішкене ожаумен су іше қалсаң, әйеліңнің мұрны ұзын болады, түнде мал түгендесең, саны азайып қалады деп тыйып жататын. Сол секілді, үстелдің бұрышына сан мәрте отырса да, кәрі жілік жеп жүрсе де әпкелеріміз отбасын құрған, балалы-шағалы бүгінде. Осы сипаттағы тыйым сөздерді әр қазақтың баласы естіп өсті.
Ал, олардың барлығын бірдей жоққа шығаруға бола ма? Жас ұрпақ не дейді? Аға буынның айтары қандай?
Мысал келтірейік. Жанболат Атығали есімді кәсіпкер үй сатып алады. Уақыт өте келе әлгі үйден түрлі елес-бейнелерді байқап, қатты қорыққан. Оған қоса, жоспарлаған жұмысы алға баспайды, моншасы да өртеніп кетеді. Түсініксіз оқиғалардан қажып, үйін сатпақшы болған Жанболатқа көрші кемпір келіп, ырым-тыйымға сеніп, тұрағын аластатуға кеңес береді. Келесі күні қала сыртынан бір емшіні әкеліп, адыраспанмен аластатып, құран оқытады. Содан кейін, елестер үйден байқалмапты-мыс. Тұрмысы дөңгелене бастаған кәсіпкер: "Ырым-тыйымдарға сенетін болдым" деп түйіндейді. Сену-сенбеу оқырманның еншісінде. Ал, сіздер не дейсіздер?
Сондай-ақ, бүгіндері бойтұмардың қолданыс аясы кеңіді. Адамдар тек мойынға ғана емес, жұмысы жақсы жүрсін деген ниетпен қызмет бөлмесіне немесе жеке көлігіне іліп қоятын болған.
Адам өміріне зиянын тигізетін құбылыстың бәріне қарсы ырым жасау арқылы атабабамыз отбасы мүшелері мен жақындарын қауіпқатерден талай сақтап қалған. Арада қаншама ғасырлар өтсе де, ұмытылмайтын қазақтың ырымы ұрпақтанұрпаққа ауысып келе жатыр. Жаңа заманның жаңа қазағы ретінде қаншама сенбейін десек те, шалқақтаған шаруамыздың ырымын жасасақ, түзеліп жүре беретіні рас дейді кейбірі.
Айта берсек, қазақтың ырымы көп. Белгілі тарихшылар, дін қызметкерлері ырым-тыйымдар мен тұрмыстық наным-сенімдер ұқсас дейді. Аяқ басқан сайын алдыңнан шыға беретін қазақтың ырымдарының маңызы қаншалықты? Ешнәрсені де негізсіз айтпайтын және тектен-текке жорамал жасамайтын ата-бабаларымыз өмір сүру барысында, тұрмыста жинаған ілім-білімдерін мақал-мәтелдер мен ырымдар арқылы кейінгі ұрпаққа жеткізді. Сөйтіп, тумысынан текті халық сақтандыру шараларының өзін тәрбие құралына айналдыра білді.
«Нанның қиқымын жесең, бай боласың!»
«Нанның қиқымын жесең, бай боласың» дейді. Жақсы делік! 10 миллионнан астам қазақ бар. Сонда сол тұрғындар нанның қиқымдарын жей берсе бай болып кете ме? Дәстүрімізге көз жүгіртер болсақ, тіпті, геометриялық аксиоманы алайық: мағынасыз, артық ырымдар жетерлік. Рас, ырымдарды ұмытпауымыз қажет. Әуелі, санамыз қабылдай алатын және ата-бабаларымыз нұсқап кеткен тыйымдарды қолданғанымыз абзал. Ал ырым мәселесі Ислам дінінде бар. Тыйымның астарында адамгершілік, кісілік қасиет, адамның жан дүниесінің сұлулығы тұрады. Сондықтан екеуін дұрыс ажыратып, керегін ғана алуымыз керек. Бірде кешкі тамақ ішіп отырып, байқаусызда қолымнан қасығым түсіп кеткен-тін, сол ақ еді, әжем: «Келін, қазір қонақ келеді, тағы да тамақ істегенің жөн» – деп шу ете қалды. Ас ішіп болып, шай қойдық, шай қайнап тұр. Әне келеді, міне келедімен көзімізге әбден ұйқы тығылатын болды. Ақыры, күткен қонақтарымыз келмеді. Осыдан кейін ырым-тыйымға сенбейтін болдым.
Өте орынды, қисынды, тіпті даналық сөз. Тек бұл арада ырымдардағы метафораларды тікелей ұғынудан аулақ болайық. Мұндай ырым тектес мәтелдер басқа халықтарда да бар. Мысалы, көршілер "Копейка рубль бережет" дейді. Яғни, ысырапшыл болма, сонда ғана саған дәулет қонады деген сөз. Керек десеңіз, бай-манаптардың өмірбаяндарын оқысаң, осы қазақ ырымының ақиқаттығына көз жеткізер едің.



Жоғарыдағы педагогтар пікірі әділ. Үй аластау оқиғасында кісі аластасам жолым ашылады деп қатты сенген. Бұл жерде сенім күші маңызды.Мысалы сенбеген кісіге ем де қонып жарытпайды дейді дәрігерлер. Тіпті тиісті дәрмекті қабылдаса да.Мысалы, әдетте миллиардерлер неге бақытсыз, мазасыз?Бизнесін қайғырады, бәсекелестік көп,аяқтан шалушы көп, отбасына көңіл жеткіліксіз,жеке өмір мәз болмай қалады, өзін емес байлығын сыйлаушы көп,сенім жоқ.тым болмады бір сенім болуы қажет! Ал нан турағанда оның қиқымын жеу сауап дейді.Мораль-ас атасын қадірле. Қазақ кезінде ақтабан шұбырындыны көрген, бір үзім нанға зар болған. Арпа-бидай-ас, алтын күміс- тас.Нанды баспау, шашпау, жерде жатса көтеріп алып торғайларға тастау жайлы өлеңдер оқулықтарда жазылатын.Балалар әр ненің қадірін, парқын білуі тиіс.Ырым деген соқыр сенім емес! Мұның терең мәні, ғибраты бар.
Осылардың бәрі ауадан алынбаған, ырымдарды айтамын. Дегенмен, саны өте көп қой. Әркім өз санасына қарай әр қилы қабылдасын. Сейіт әкеміз де адам, оның кей айтқандарының салмағы ауырлау емес. Жеке лйым