Екі балықшы суға батып кетті

Балық аулауға барған екі ер адам суға батып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлайды.Два рыбака утонули
Қостанай ауданының Жданов селолық округіне қарасты Аққабақ ауылынан 2 шақырым жердегі өзен басында әлдекімдердің балық аулау құралдарын қалдырып кеткендігі туралы хабарлама түскен. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына жөнелтілген. Су астынан іздестіру жұмыстары барысында өзеннің жағадан 150 метрдей тұсынан 68 және 78 жастағы ер адамдардың денесі табылып, тысқа шығарылды. Марқұмдар мұздың жұқалығына қарамастан, қауіпсіздікті қаперге алмай, өзен ортасынан балық ауламақ болған.
ТЖД балық аулауға әуес азаматтарға мұз үстіне шықпас бұрын қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығармауды ескертеді. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓