Опырылып ортасына түсті
Куәгерлер оқиғаның бүгін таңғы сағат 10 кездерінде болғанын айтады. Ескі екі қабатты үйдің үстіңгі қабатының төбесі құлап кеткен.
Оқыс жағдай кезінде пәтерде жүкті келіншек болған. Абырой болғанда, ол жапа шеккен жоқ. Төбе омырылып ортаға түскен сәтте басқа бөлмеде жүріпті. Оқиға орнына жедел жауап қату қызметінің мамандары жеткен. Қазір оқпаннан шатыр көрініп тұр.
Куәгерлер бұл жердің қоршауға алынғанын айтып отыр. ТЖ мамандары қалған бөлігінің құлау қаупі бар-жоғын тексерді.