Ғафу Қайырбеков – “Мемлекетім менің”

Ғафу Қайырбеков – қазақтың әйгілі ақыны, аудармашы. 1928 жылы 15 тамызда Торғай топырағында дүниеге келген. гафа
Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды.
  • 1968—1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті.
  • 1973—1989 жылдары «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар қауымдастығының президенті болды.
  • 1954 жылы оның «Құрдастар» атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Содан бері қырықтан астам кітабы шықты.
«Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыздар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
РудакидіңБайронныңПушкинніңЛермонтовтың, Некрасовтың, ШевченконыңМақтымқұлыныңЛ.Толстойдың, Куприннің, Короленконың, Буниннің, Есениннің, Ғамзатовтың және басқа да сөз зергерлерінің туындыларын аударды.
Бүгін назарларыңызға ақынның өмірінің соңғы шақтарында, яғни 1994 жылы жазған "Мемлекетім менің" атты өлеңін ұсынамыз.
Өлеңді оқыған Әлібек Ыбыраев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓