Жауынбай Жылқыбайұлы – “Ауылды сағыну”

Жауынбай Жылқыбайұлы – Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Филология факультетінде 2-курста оқиды. Амангелді ауданында туған талапкер жас ақынның есімі өзі құралпылас оқырмандар арасында белгілі болып келеді. Қалам мен домбыраны қатар ұстаған Жауынбайдың алғашқы қадамдары жеміссіз емес. Республикалық "Мен жастарға сенемін" мүшайрасының "Үздік ақын" аталымының иегері, С.Сейфуллиннің 125, Абайдың 175 жылдығына арналған жыр додаларында 3-орын жеңіп алған, Нұржан Наушабаевтың 160 жылдығына арналған аймақтық айтыста Уақ Жұмабай атындағы арнайы сыйлықты қанжығасына байлаған. "Бұлақ көрсең, көзін аш" демекші, талапкерге талмас қанат тілей отырып, өзінің оқуындағы бір өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓