Екі өрт сөндіру пирсі салынады
Жағажай аймағын көріктендіру жобасы шеңберінде Қостанай қаласының солтүстік бөлігінде, Тобыл өзенінің оңтүстік жағалауында екі өрт сөндіру пирсін салу қарастырылуда. Мұндай гидротехникалық жағалаулық нысанның біреуінің сызбасы мен жобалық-сметалық құжатары мемлекеттік сараптамадан 30 шілде күні өткеннен соң бекітілді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын бастауға мердігер ұйымды анықтау үшін конкурстық тәртіптер жүргізілуде. Бір пирс үш өрт сөндіру автоцистернасына бір уақытта су жинауға есептелген. Ол өрт сөндіру үшін көліктің өте тез су жинауына мүмкіндік беретінімен тиімді. Өрт сөндіру пирсінің ауданы – 16×9 метр, жақындап келу арақашықтығы – 200 м, ені – 7,5 м. Аталған нысан үшін 13 млн. 676 мың теңге көлемінде бюджет салынған. Пирс құрылысының аяқталу мерзімі – 2017 жылдың 1-тоқсаны. Екінші өрт сөндіру пирсінің жобасы қазіргі кезде бекітілу барысында. Қостанай облысының ТЖД басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Т. Кәкімовтың айтуынша, мұның барлығы өрт қауіпсіздігін нығайту, тұрғындардың өмірін қорғау, сонымен бірге өрттерден келген материалдық шығындарды азайту үшін жасалуда. Тілсіз жау өршіген кезде, әр минут қымбатқа бағаланған сәттерде Тобыл өзеніндегі осынау нысаннан өрт сөндіргіштер жедел кезекті көліктерін сумен әп сәтте толтырып үлгере алады.