Апат опат етті

Күні кеше Қостанай-Әулиекөл-Сурган тас жолында Лаврентьев ауылынан бір шақырым қашықтықта көлік апатқа ұшырап, 50 жастағы жүргізушісі қаза болды. ВАЗ 2107 маркалы көлікті тізгіндеген ол рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегіне аударылып кеткен.
Қазіргі уақытта аталмыш дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, қайғылы жайттың нақтылы себептерін анықтау үшін сараптама құрылды.
Жыл басынан бері облыста 236 жол-көлік оқиғасы тіркелген (былтыр 392 ЖКО). Кесірінен 36 адам өмірімен қош айтысып, 332 жан әртүрлі жарақат алды. Өткен жылғымен салыстырғанда жол апаты 39,8 пайызға төмендеген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓