ЖОО оқытушысы кісі қолынан қаза тапты

Рудный  индустриалдық институттың оқытушысын өлтіріп кетті.  Бұл туралы облыстық  ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

696581Аталмыш департамент  өкілінің мәлімдеуінше, зардап шегуші 30 жылдығын тойлаймын деп ажал құшты. Ол денсінің 6  жерінен алған пышақ жарақатынан соң көз жұмған. Марқұмның мәйтін келесі күні көршісі тауып алған.
Полиция қызметкерлері дәмханадағы кештен кейін оқытушы үйіне 26 жастағы досын ертіп келгенін анықтады. Ол жедел іздестіру шаралары барысында қолға түсті.
Қазір жасаған қылмысын мойындаған күдікті тұтқынға алынды. Іс бойынша заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
 
 
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓