«Мәңгілік Ел» патриоттық байқауы

29 шілде күні Сарыкөл аудандық Мәдениет үйінде полиция қызметкерлері арасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» атты өңіраралық патриоттық әндер байқауы өтті.IMG_5227Ұзынкөл, Алтынсарин, Қарасу және Сарыкөл аудандарының ішкі істер бөлімі көркемөнерпаздары қатысқан шараның ашылу сәтінде аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Қанат Рахметжанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, тілектер легін Қостанай облыстық ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы, ІІД жанындағы консультациялық кеңесшісі, отставкідегі полиция полковнигі Аманкелді Өмірбаев жалғастырды.IMG_5204
IMG_5129Бұдан соң байқау да басталды. Форманы бірер сағатқа сахна киіміне алмастырған құқық қорғау органы қызметкерлері сарыкөлдіктерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Яғни, патриоттық әндер шырқап, қазақтың қара домбырасымен күй күмбірлетті. Олар танымал өнер иелері болмаса да, бойға жиған таланттарын танытып, тыңғылықты дайындықпен келгендіктерін паш етті.IMG_5151
IMG_5212Байқау қорытындысында қазылар алқасының мүшесі болған облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан Ералин жеңімпаздарға жүрекжарды лебізін жеткізіп, жеңімпаз атанған Алтынсарин ІІБ жеке құрамы басшысына арнайы диплом мен естелік белгісін табыс етті.IMG_5213
IMG_5244Айтпақшы, бұл байқаудын алдында аудандық ішкі істер бөлімі бастығы, полиция подполковнигі Қанат Рахметжановтың кабинетінде Қостанай облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан Ералин мен Қостанай облыстық ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы, ІІД жанындағы консультациялық кеңесшісі, отставкідегі полиция полковнигі Аманкелді Өмірбаевтар азаматтарды жеке сауалдары бойынша қабылдады. Қабылдауға алғаш болып кірген Әзербайжан елінің азаматы Булудхан Шаммедзаде: «Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтардың болу мерзімі неге 30 тәулікке немесе 1 айға дейін қысқартылды?» деген сауалын жолдаса, ал жас жігіт Болат Бейісов болса, ішкі істер органына жұмысқа орналасу туралы өтінішін жеткізді. Сондай-ақ, Сарыкөл кентінің әкімі Сейітбек Қаппасов жергілікті тұрғындар тарапынан аудандық құқыққорғау қызметкерлерінің жұмысына алғыс айтып, АІІБ қызметкерлерін қылмысты ашуда көтермелеу керектігін алға тартты.
SONY DSC

SONY DSC

Мінеки, жоғарыдағыдай азаматтардың мәселелеріне мәртебелі меймандар нақты жауап берді.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓