Қала күні қалай тойланады?
12-14 тамыз аралығында Қостанай облысының 80 жылдығы мен Қостанай қаласының туған күні аталып өтіледі. Үш күндік мерекелік бағдарламаның жоспары бекітілген. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Бибігүл Аққожинаның қатысуымен өткен брифингте айтылды.
-Биылғы жыл мерейтойлық даталарға толы. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қостанай облысының құрылғанына – 80 жыл. Ұлы ағартушы-ұстаз Ы.Алтынсариннің 175 жылдығын қосыңыз. Өңірде XXXI-ші «Тың-Целина-2016» облыстық спартакиадасының ашылуы болады. Мұндай маңызды мерейтойларды ескерусіз қалдырмаймыз. Сондықтан, Қостанай қаласының күні үш күн бойы тойланбақ,-деді Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Айсұлу Әубәкірова.
Мерекелік іс-шаралар 12 тамызда Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин мектебінде мемориалдық тақтаның ашылуымен басталады. Сол күні кешкі сағат 20.00-ге «Тың-Целина-2016» облыстық спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі белгіленген. Мерейтойлық іс-шара кешкі сағат 21.00-де жергілікті көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасады. Сол жерде өңірдің дамуына үлес қосқан әр саланың үздіктері «Қостанай облысының және Қостанай қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісімен марапатталады. Көңілді кеш барысында Қазақстан эстрадасының әншісі Қайрат Нұртас және «Джейран» тобы өнер көрсетпек. Жанар Дұғалова, Ерке Есмахан сияқты әншілер 13 тамызда сахнаға шығады.

Үш күнге белгіленген әр түрлі іс-шаралар қала орталығында, «Мирас» мәдениет үйінде, Қостанай-2 шағын ауданында, орталық стадион мен «Жастар» саябағында өтеді. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Бибігүл Аққожинаның айтуынша, «Дархан дала Қостанай» жәрмеңкесіне қатысуға ниет білдірген шаруашылық қожалықтары белгілі болған. Олар – «Садовод» ШҚ, «Тэрра» ШҚ, «Отау сауда» СҮ және тағы басқалар. Ал эстрада әншілерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Қымбат Досжанова.
Суретте: Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Бибігүл Аққожина.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

Әншілердің суреттері ғаламтордан алынды.