Қазақшаң қалай, Қарабалық?
Қарабалық ауданында қазақ тілін үйрететін клуб ашылды. Бастамашысы – "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы әдістемешісі Тимур Тоқпақтуллин. Ендігі үш дәріс өткізіп те үлгерді. Бұл жаңа клубтың халыққа мемлекеттік тілді үйрететін басқа ұйымдардан қандай ерекшелігі бар?
Басты мақсаты – қазақ тілінде сөйлесудегі психологиялық кедергілерді жеңу. Өйткені, негізі, адамдар мемлекеттік тілден мақұрым емес, олқы білмейді. Тек осы тілде түсінісуге құлықсыз, ойды жеткізер кездегі сөздік қордың жұпынылығынан қымсынады. Сондықтан бұл клубта сабақтар еркін түрде, диалогтық қалыпта өтеді.