Бағаның өсуін түсіндірді
Лисаков қаласында «Айқын тариф» партиялық жобасы аясында коммуналдық қызмет жеткізушілері 5,6,7 шағын аудандар тұрғындарына жылу есептегіш құралдарды орнатудың қажеттілігін түсіндірді. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Лисаков қалалық филиалының өкілдері, коммуналдық қызмет саласының мамандары қатысты. «Лисаковқалкоммунэнерго» өндірістік-шаруашылық бірлестігі» МКК-нің бас экономисі О.Губарева 2015-2016 жылдардағы жылу беру маусымының қорытындысы бойынша, жылу энергиясының тарифіне қатысты ақпарат берді. Мұндай кездесулер коммуналдық қызметтің ашықтығын қамтамасыз етпек. «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Неявко энергиямен жабдықтаушы ұйымның өкілдерінен тарифтағы өзгерістер туралы қала халқына БАҚ арқылы хабарлап тұруын сұрады.