Мерейі үстемдер марапатталды

Тәуелсіздік күнін әулиекөлдіктер де ерекше салтанатпен атап өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік жиында аудан әкімі А.Балғарин жиналған көпшілікті маңызды мерекемен құттықтап, 23 жыл жыл ішінде жеткен жетістер мен бағындырған белестердің арқасында Қазақ елінің әлемнің өркениетті елдерімен терезесінің тең болғандығын зор мақтанышпен атады.
фото 0111 (1)-Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде еліміз есейіп, көптеген қиын сындардан сүрінбей өтті. Даңдарыстарға төтеп беріп қана қоймай, еліміз дамып, жаңа белестерді бағындырды. Өткеннен сабақ ала отырып, елдің әлеуетін нығайтуда орасан зор жұмыстар жүргізілді. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын. Республиканың әр азаматы үшін айтулы мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын, – деді аудан әкімі Амантай Кәкімбекұлы.
Салтанатты жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқандар мен әр салада жетістерге жетіп, ауданның атын асқақтатып жүрген бір топ азаматтар марапатқа ие болды. Атап айтар болсақ, қазақ күресінен үстіміздегі жылы Азия чемпионы атанған Тоқтар Жиентаев, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, спорт ардагері Қайыргелді Мақанов, «Әулиекөл мал дәрігері» мекемесінің механигі Шынболат Айсенов, «Мерей» мекемесінің механигі Серік Өмірбаев, «Құсмұрын ТЭК» мекемесінің слесары Георгий Медведев, Новонежин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Клавдия Таушева аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Салтанатты шарада Құсмұрын поселкесінің әкімі Жеңіс Ысқақов, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және ішкі саясат бөлімінің бас мамандары Ертай Әмірғожин мен Санжар Мирасбеков ант қабылдап, оларға аудан әкімі куәлік табыс етті.
Сондай-ақ, ауданның эмблемасын жасауға жарияланған байқаудың жеңімпазы атанған әуесқой суретші Меңсұлу Салықова, аудан әнұраны шығармашылық байқауының үздік мәтіні мен әнінің жеңімпаздары Сақтаған Досмағамбетов пен Жарқынбек Деріпсалдиндер мадақталды. Ал, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Александр Гартельге арнайы сый-сияпат жасалды. Сонымен қатар, мерекеде «Әулие-би» ЖШС-нің басшысы Нұрқан Сәдуақасов, Н.Островский атындағы орта мектебінің директоры Людмила Войлошникова, Тимофеев орта мектебінің директоры Михаил Иванюк, ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Альмира Жансүгіроваға  «Мәслихатқа 20 жыл» төсбелгісі табыс етілді.
Салтанатты жиын соңы аудан өнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.
Қарлығаш Оспанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓