Арзандатылған өнім
Қостанай қаласы ӘКК "Тобыл" АҚ сақтандыру қорынан арзандатылған бағамен Амангелді ауданындағы "Қаржауов А", "Досжан", "Бекбауыл" жеке кәсіпкерлерінің азық-түлік сататын сауда орталықтарына қант, қарақұмық, сұйық май, макарон өнімдері әкелінді. Аманкелді ауданы әкімдігінің Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Арман Саржановтың айтуынша, әр ай сайын тұрғындарға төмендетілген бағада тұрақты түрде өнімдер әкелініп тұрады."Аудандағы "Досжан", "Қуаныш", "Бекбауыл" дүкендеріне жеңілдетілген бағамен арнайы өнімдер келді. Атап айтқанда, қант келісі – 440 тг, сұйық май ("Гармония") 5 л — 3850 тг, қарақұмық – 520 тг, макарон 200 теңге тұрады. Алдағы уақытта тағы да жалғасын табатын болады", — дейді ол.Ескере кететін бір жәйт, жеке басқа қант тек 2 кг-дан артық берілмейді.
Бибіт НҰРМҰХАНОВ
Аманкелді ауданы.
Суретті түсірген автор.
Суретті түсірген автор.