Бұйырған қаржы есепсіз кетпесе…

Халық қалаулыларының кезектен тыс сессиясында облыстық бюджет мәселесі талқыланып, 2016-2018 жылға өзгертулер енгізілді. Сессияға өңір басшысы Архимед Мұхамбетов те қатысты.
3,7 млрд. теңгенің басын құраған қаржыны депутаттар трансферт арқылы Қостанай, Рудный, Лисаковск және облыстық бюджетке жіберуге шешті.ақша
Бұл жайтты экономика және бюджетті жоспарлау облыстық басқармасының басшысы Ерлан Спанов өңір бюджетін тұрақтандыруға, күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді шешу үшін жасалып жатқан қам-қарекет екенін мәлімдеді.
Қаржы күтіп тұрған сансыз нысандардың ішінде Гашек көшесіндегі саябақ, күрделі жөндеуді қажетсінген Уральский көшесі (Карбышева көшесінен басталып Әуежайға дейін), Жобалық сметалық құжатын әзірлейтін Юбелейный мөлтек ауданындағы 15 үй, Рудный қаласындағы Октябрьдің 50 жылдығы және Горняцкий көшелері, Денисовка ауданы орталығындағы су құбыры және басқалары бар. Біз жоғарыдағы айтқан нысандар солардың ең ауқымдысы болмақ. Ал, балалар футболын дамытуға 115 млн, теңге, Қала күні мен «Тың-Целина 2016» облыстық спартакиада сияқты мерекелерге 40 млн. теңге, қала көшелерін тазартуға арнайы 4 техника алуға 127 млн, теңге берілу жоспарланды.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына һәм оның инфрақұрылымын жөндеуге де біраз қаржы бөлінген. Яғни, 281 млн. теңге үкіметтік траншты қайта қаржыландыру мақсатында бұйырған.
Қыруар қаржыны қайта бөлуге келген кезде депутаттар үнсіз қалмады. Сессия алдындағы талқылау кезінде тұрақты комиссия ішкі істер департаменті мен оқу орындарына қаржыны теңдей бөлу керектігін маслихат хатшысы Сайлаубек Есжанов ұсынды. Бұл әңгіме қайдан шықты?
Қазір елімізде террордан қауіп болып жатқаны бар. Міне, содан қорғану мен сақтанудың қамы үшін өңір бюджеті 100 млн. теңге бөліп отыр. Оның 70 млн. теңгесі жергілікті полицейлердің қызметіне, ал, қалғаны оқу орындары нысандарына берілмек.
Халық қалаулыларының айтқан уәжіне Ерлан Спанов ішкі істер департаментіне берілуі себебі, бұл  нысандар террористердің ең бірінші көздейтін нысаны. Сондықтан қаржы көлемі көптеп беріліп отыр деген рәуіште жауап берді. Енді бұйырған бұл қаржылар есепсіз кетпесе болғаны.
Бұл сессияда халық қалаулылары жергілікті полиция қызметінің басшысы Нығмет Исмағұловтың есебін тыңдады. Содан соң «Қостанай облысының құрметті азаматы» атағына ұсынылғандарға (бұл атаққа белгілі дәрігер, қоғам қайраткері Ысқақ Есіркепов, соғыс ардагері Михаил Подоляков, қоғам қайраткері Рамазан Сарпеков бар) шешім шығарды.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓