Медицина саласы – басты назарда

CОVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күрес үздіксіз жүргізілуде. Ол үшін медицина саласына екпін салынып, барлық мүмкіндіктер жасалуда. Бұл туралы аймақ басшысы айтты.Жалпы, 2020 жылы денсаулық сақтау саласын дамытуға 1,6 есе өсіммен 85,0 млрд теңге бағытталды. Жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеге 16 объектінің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Медициналық жабдықтар мен санитарлық автокөліктерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 6,6 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.
"Барлығы 161 бірлік санитарлық автокөлік, оның ішінде жедел жәрдем қызметі үшін 50 реанимобиль, 181 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты және отандық өндірістің 17 цифрлық рентген жүйесі, 5 компьютер томографиясы, 23 ультрадыбыстық зерттеу, 1 магнитті-резонанстық томография, сумен тазартатын 7 гемодиализ аппараты және тағы басқалар сатып алынды.Облыстың 4 ірі медициналық ұйымында (облыстық аурухана, Қостанай және Рудный қалалық ауруханалары, Тобыл қаласындағы облыстық фтизиопульмонология орталығы) 856 нүктеге орталықтандырылған оттегі желісі жүргізілген. Жоғары ағынды оксигенация аппараттары сатып алынды. 712 оттегі концентраторы бар", – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімінің мәліметінше, CОVID-19-ға қарсы іс-қимыл аясында жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, цифрлық рентген) жабдықталған 200 кереуеттік инфекциялық орталық салынып, жұмысын бастады, барлық төсек орындарға оттегі консольдері жеткізілді.  
"Облыстың оңтүстік өңірлерінің тұрғындарын қамту үшін 2020 жылдың желтоқсан айында Арқалық қаласында ПЦР тест алу зертханасы іске қосылды. Нәтижесінде, есептік кезеңде компьютерлік томографтармен жабдықтау 1,8 есе, цифрлық рентгенмен  1,4 есе, ӨЖЖ аппараттарымен жабдықтау 1,9 есе ұлғайды. Санитарлық автокөлікпен және реанимобильдермен жабдықтау 1,4 есе өсті, 10 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды", – деді А.Мұхамбетов.
Аймақ басшысы 2021 жылы күрделі медициналық жабдықтар мен вакциналарды сақтауға арналған мұздатқыш жабдықтарын (эндобейнетірек, сараптамалық кластағы ультрадыбыстық зерттеу   аппараттары, цифрлық рентген, наркозды-тыныс алу аппараттары, операциялық микроскоп, вакциналарды сақтауға арналған мұздатқыш жабдық) сатып алу, 400 орындық көпбейінді аурухана құрылысын бастау көзделіп отырғанын айтты. Мұнда ең ірі бөлімшелер: кардио және тамыр хирургиясы, инсульт орталығы, травматология, неврология, онкология, ортопедия және т. б. орналасады; Сондай-ақ, денсаулық сақтаудың 19 объектісінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, дәрігер кадрларды тарту жұмысы жалғастырылды. Қазіргі уақытта мемлекеттік денсаулық сақтау секторында 15 мың адам жұмыс істейді 
"2020 жылдың тамыз айынан бастап облысқа 186 дәрігер келді. Оның ішінде медициналық ЖОО-ның 160 түлегі және 26 тәжірибелі дәрігер. Бұдан басқа, облысқа алғаш рет 19 дәрігер (80 резиденттен) келді, олар облыс үшін ең қажетті мамандықтар бойынша (сәулелік диагностика, эндокринологтар, нефрологтар, инфекционистер, онкологтар және басқалар) жергілікті бюджет есебінен қосымша білім алады. Жергілікті бюджет есебінен қалаға келген дәрігерлерге 1 млн. теңгеден, ауылдық жерлерге 1,5 млн. теңгеден көтерме ақы төлеу қарастырылған. 2020 жылы 107 дәрігер төлем алды", – деді облыс әкімі.
Медициналық ұйымдар есебінен 34 дәрігер жалпы сомасы 14,7 млн теңгеге көтерме ақы алған. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 310 медицина қызметкері көтерме ақы (100 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК), барлығы 85 млн.теңгеге) және 185 тұрғын үйге кірген. Сонымен қатар, тағы 97 жергілікті дәрігер баспанамен қамтамасыз етілді.                      
Ал жаңадан келген дәрігерлерге тұрғын үй Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы беріледі. Мәселен, 54 пәтердің кілті тапсырылды, 2021 жылы тағы 100 дәрігер пәтер кілттерін алатын болады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлердің жалақысы тағы 30% -ке және орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20% – ке арттырылғанын атап кету қажет.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓