Аманатқа қиянат жасап…
2032 әскери бөлімінің қызметшілері Ержанов пен Көшірбаев 2016 жылғы 9 наурызда «Булаево» шекара комендатураның шекара бақылау құрамындағы тұлғалар ретінде болып жүріп, комендатураның қару сақтайтын бөлмесінен "Макаров" травматикалық тапаншасын (ПМ-Т), оның калибрі 9 мм. 16 травматикалық оқ-дәрісін, 2 оқшантайы және кобурасын ұрлаған. Олар өздері, қызметтік міндеттері бойынша, сеніп тапсырылған қару-жарақ пен техникаға жауапты еді. Ұрланған мүліктен құтылайын деген мақсатпен, оны теміржол вокзалы маңындағы қоқыс жинайтын шелекке лақтырып жіберген. 2032 санды әскери бөлімнің әскери қызметшілері тауып алды. Осы заңсыздық арқылы мемлекетке 98 240 теңге көлемінде зиян келтірілді.
Қостанай гарнизонының әскери сотында 22 шілдеде ҚР ҚК-нің 189 және 287 баптарында көрсетілген қылмысты жасаған үшін айыпталған қатардағы жауынгерлер – Р.С. Ержановқа және Н.Ж. Көшірбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. ҚК-нің 55 бабы қолданыла отырып, Ержановты белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 700 айлық есептік көрсеткіш көлеміндей (1 484 700 теңге) айыппұл жазасы тағайындалды. Мүліктері тәркіленеді.
Көшірбаевтың да мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға, бас бостандығынан айырылды. Сондай мерзімге дейін пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.