Тұтынушылардың алашағы бар
Антимонополиялық ведомство қызметкерлері өткен жылдың жылу маусымы қорытындысы бойынша жылумен қамту қызметінің құнын қайта есептеу сараптамасын жүргізді.
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаменттің мәліметінше, облыстағы коммуналдық кәсіпорындар өткен жылу маусымы бойынша халыққа 270 млн. теңге қайтарып беруі тиіс.
Антимонополистердің назарына тұтынушыларға қызмет көрсететін, жылу есептегіш аспаптары жоқ 19 коммуналдық кәсіпорын ілікті. Мұның сыртында табиғи монополиялардың 27 субъектісінде тарифтік сметаларға қатысты тәртіп бұзушылық әшкере болған.
"Қостанай ЖЭК" МКМ 103,2 млн.теңге, "ССКӨБ" АҚ 94 млн. теңге тұтынушыларға қайтарып берулері тиіс.