Қостанайда жаңа мектеп бой көтереді
Қостанай қаласының солтүстік-батыс ауданында 500 оқушыға арналған қазақ тілінде оқытатын жаңа мектеп бой көтеріп келеді еді. Білім ұясы республикалық қаржы есебінен салынуда.
Құрылыстың бас мердігері – «Рудный Соколовстрой» АҚ. Құрылыс компаниясы қазіргі күні білім ошағының іргетасын қалады.
«Жоба бойынша ғимаратта спортзал, 160 балаға арналған асхана, 150 орынға арналған акт залы, шеберхана сыныптары салынады», – дейді «Горжилстрой» құрылыс басқармасының басшысы В.Кравченко.
Келесі жылдың қыркүйегінде заманға сай білім ұясы пайдалануға беріледі.
Шұға Қоңқабай