Кәсіби маманға сұраныс жоғары

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің жиынында бірнеше жаңа жоба таныстырылды. Мәселен, енді Қостанай облысында мемлекеттік жұмысқа орналасу онлайн жүйе арқылы да іске асады. Бұл «Онлайн әңгімелесу» жобасы таныстырылымында белгілі болды.
IMG-20190731-WA0002
– Аталмыш жобаның шеңберінде облыс орталығынан шалғайдағы ауылдардағы мемлекеттік қызметшілер онлайн жүйе арқылы жұмысқа қабылдана алады. Тіпті, басқа облыстардың қызметшілері де қызығушылық танытып отыр. Бұл уақыт пен шығынды азайтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті облыстық мемлекеттік қызмет департаменті басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев.
Айта кету керек, жоғарғы оқу орнын енді аяқтаған түлектер мемлекеттік қызметке онлайн жұмысқа тұра алмайды. Олар алдымен ішкі конкурстан өтулері тиіс. Жиында «Кәсіби аппарат – білікті маман» қанатқақты жобасы таныстырылды. Бұл мемлекеттік қызметте еңбек тәжірибесінен өтушілерге көмек ретінде іске қосылып отыр. Қазірдің өзінде 87 адам облыстың меморгандарынан тәжірибеден өткен.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓