Бронсыз қызмет көрсетілмек

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бұдан былай қалай жұмыс істейтіні туралы "Азаматтарға арналған үкімет" МК" ҰАҚ басқармасының төрағасы Әділ Қожықов "Фейсбук" желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.
""Достар, өздеріңіз білетіндей, Ashyq қосымшасымен кәсіпкерлік, мәдениет және спорт нысандары жұмыс істейді. Ал бұдан кейін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің (2021 жылғы 11 маусымдағы№ 27) қаулысы бойынша ХҚКО-лар да осы сервис арқылы клиенттерді қабылдауға көшеді. Қауіпсіз немесе бейтарап мәртебесі бар қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді алдын ала кезек брондаусыз ала алады", – дейді Ә.Қожықов.
Төрағаның мәлімдеуінше, Ashyq бойынша ХҚКО-ға кіру еліміздің барлық қалаларында қолжетімді болады. Қалалардың фронт-офистерінің әрқайсысына сканерлеу үшін дербес QR-код берілді. QR кодтары ғимаратқа кіре берісте орналасады. Осының арқасында ХҚКО-лар көп клиент қабылдап қана қоймай, өз қызметкерлері мен келушілерін қауіпсіздендіре алады. Бұл ретте кезекке алдын ала тапсырыс беру мүмкіндігі бұрынғы режимде қалады.
"Алдын ала брондау жағдайында сізде тіпті артықшылық болады – сіз белгіленген уақытта бірден операторға барасыз. Егер сізде осы қосымша орнатылмаса, кіру аймағында сіздің мәртебеңізді өзіңіз ұсынған ЖСН бойынша ХҚКО қызметкерлері анықтайды. Келушілердің ағыны артатынын түсінеміз, сондықтан санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауларыңызды сұраймыз – бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, санитайзерлерді қолданыңыз!" – деп түйіндейді төраға.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓