Көпір жабылды

Қостанай облысына қарасты Тобыл стансасындағы көпір қайта жөндеу жұмыстары үшін уақытша жабылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының Қостанайдағы филиалының директоры Андрей Горват хабарлады. 
2017-01-21-00.27.16-589x420(Сурет әлеуметтік желіден алынды)
Қайта жөндеу жұмыстарын Қапшағай қаласының "Мостоотряд-25" мердігерлік ұйымының қатысуымен, "ҚазАвтоЖол" компаниясы жүргізетін болады. Әуелде көпірдің жабылатыны туралы өткен жылдың қараша айында айтқан болатын. 
-Көпірді 19-қаңтарда жаптық. Бірақ құрылыс алаңын айналып өтетін жол әзір тұр. Сондықтан еш алаңсыз жүре беруге болады. Жолдың айналма бөлігі тас жолдың Новоильиновқа бұрылған тұсынан басталады. Жөн сілтейтін жол белгілері қойылған,-дейді Андрей Говарт.
Ескретей кетейік, жол өткелін қалыпқа келтіру үшін республикалық бюджеттен 580 млн теңге бөлінген болатын. Ал, құрылыс мерідгерлердің уәдесі бойынша жаз айларында аяқталуы тиіс.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓