Жарайсың, балақай!
«Бала дауысы» I ұлттық балалар ән байқауының Қостанайдағы аймақтық іріктеу кезеңінде Ясмин Ибраева жеңіске жетті. Ол елу баланың ішінен топ жарып, үздік шықты. Ясмин байқаудың Алматыда өтетін гранд-финалында облыстың намысын қорғайды.
Жеңімпаз қала іргесіндегі Мичурин ауылынан болады. Биыл 4 сыныпты бітірді. Сабақтан бос уақытында «Армандастар» студиясында дайындалады. Музыкалық жетекшісі – Түлкібек Ырысмағамбетов.
«Бала дауысы» байқауының аймақтық іріктеуі қалай өткені және Ясмин Ибраева туралы толық ақпаратты газетіміздің алдағы нөмірінен оқитын боласыздар.


«Бала дауысы» байқауының аймақтық іріктеуі қалай өткені және Ясмин Ибраева туралы толық ақпаратты газетіміздің алдағы нөмірінен оқитын боласыздар.
Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.